«2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақының ұлғаюы туралы» баспасөз-мәслихатына арналған ПРЕСС-РЕЛИЗ

«2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақының ұлғаюы туралы» баспасөз-мәслихатына арналған ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «2021-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 5%-ға, зейнетақы мөлшері 7%-ға өседі.

          2021 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс мөлшері 34 302 теңгеге өсті (2020 жылы  – 32 668 теңге) және ең төменгі есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге  ( 2020 жылы – 2 778).

          01.01.2021 ж. жағдай бойынша Павлодар облысы бойынша барлығы 309 мың зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленді.

          2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жас және қызмет өткерген жылдар бойынша зейнетақылық төлемдер 7%-ға өсті:

          Жалақының ең төменгі мөлшері бұрынғы қалыпта - 42 500 теңге.

          Бала туу бойынша жәрдемақы көлемі қандай болады? ҚР-ның 28.06.2005 ж. «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы туралы. Бала туғаннан кейін жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер бірреттік мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға жүгіне алады. Оның мөлшері баланың ретіне байланысты болады:

          - бірінші, екінші және үшінші бала үшін 38 АЕК - 110 846 теңге төленеді ( 2020 ж. – 105 564 теңге);

          - төртінші және басқа балаларға - 63 АЕК немесе 183 771 теңге төленеді (2020 ж. – 175 014 теңге).

          Егіз, үшем немесе одан да көп бала туғанда жәрдемақы әр балаға төленеді. Декреттік демалысқа дейін жұмыс істеген әйелдерге арналған төлем көлемі соңғы 12 айдағы орташа айлық кіріске байланысты болады.

          Бір жасқа дейінгі балаларды күтуге арналған жәрдемақы мөлшері қандай болады?

          Бала туу бойынша жәрдемақы көлемі қандай болады? ҚР-ның 28.06.2005 ж. «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы туралы. Жәрдемақы ай сайын, бала бір жасқа толғанға дейін төленеді. Ол екі көзден төленеді:

          - республикалық бюджет;

          - әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры.

          Көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы қандай болады?

          2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары отбасыларға арналған бөлек жәрдемақы енгізілді. Ол жанұяның кірістеріне қарамастан тағайындалады.

          «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе «Ана даңқы» марапаттары бар аналар бұрынғыдай 16 967 теңге алады.

          Мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері қандай болады?

          2021 жылдың 1 қаңтарынан бастам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі 5%-ға өсті.

          Асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері қандай болады?

         

          Асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмақ. Оның мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастам 34 302 теңге.