Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2 триллион теңгеге жуық сомаға артты

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2 триллион теңгеге жуық сомаға артты

2020жылдың 1 желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бері, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.12.2020 жылға дейін сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артты. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергі өсім – 18%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 309,6 млрд теңге (өсім 26%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 11%) жетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсім 88%) артық. 

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2020 жылдың 1 желтоқсанында 11,6 миллион бірлікті (жыл басынан бергі өсім 10% ) құрады. Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 984 130 (өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 526 111 (өсім – 3%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ)  саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 57 211 бірлік (өсім – 5%).     

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 958,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 11 айындағы көрсеткіштен 75,8 млрд теңгеге немесе 9% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 915,6 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер (өсім 9%) құрайды. 42,7 млрд теңгенің аударымы  МКЗЖ  бойынша (өсім 9%) жасалған, ал  480 миллион теңге  ЕЗЖ бойынша (өсім 54%) аударылған.    

Төлемдер 172,1 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 34% жасы бойынша төлемдер (57,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (42,9 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (34,1 млрд теңге), мұрагерлерге (32,01 млрд теңге), жерлеуге (3,96 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (1,4 млрд теңге).