Мүгедектік топты белгілеу критерийлері

Мүгедектік топты белгілеу критерийлері

Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
  Бірінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып, тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы болып табылады : үшінші дәрежедегі өзін өзіне-өзі қызмет көрсетуге; үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға; үшінші дәрежелі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); үшінші дәрежедегі оқуға; үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге; үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.
  Екінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері
болып, тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы болып табылады: екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге; екінші дәрежедегі жүріп-тұруға; екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбекке ету қабілеті); екінші дәрежедегі оқуға; екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге; екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; екінші дәредегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.
  Үшінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері
болып, тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы болып табылады: бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге; бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға; бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); бірінші дәрежедегі оқуға; бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге; бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.