Жан басына шаққандағы қаржыландыру

Жан басына шаққандағы қаржыландыру

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу, әлеуметтік қызметтер порталында шарттарды тіркеу және кейіннен төлем жүргізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде келесідей ақпарат жолдайды.

Облыста лицензияланған мемлекеттік нысанда 12 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін орталық (әрі қарай – орталық) қызмет етеді.

Қазіргі таңда орталықтарда жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жұмыстары аяқталды.

Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар:

- лицензияланған 12 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін орталықтар бойынша әлеуметтік қызметтер порталында 2026 жылға барлығы 20 шартқа қол қойылды;

- 2026 жылға стационар, жартылай стационар, үйден арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және уақытша болу жағдайына арналған 10 бағытта тарифтер «Е-собес» АЖ арқылы бекітілді.