Мемлекеттік корпорация филиалы қызметкерлеріне бейнебайланыс режимінде Zoom қосымшасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Мемлекеттік корпорация филиалы қызметкерлеріне бейнебайланыс режимінде Zoom қосымшасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Мемлекеттік корпорация филиалы қызметкерлеріне бейнебайланыс режимінде Zoom қосымшасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

        16.09.2020ж. Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Жалғасбаевтың төрағалығымен «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалының (бұдан әрі-Филиал) директоры А.Қайруллаевтың, осы филиал директорының  орынбасары С.Мырзабековтың, Департамент басшысының орынбасары Л.Боранбаеваның қатысуымен Филиалдың басқарма, қалалық және аудандық бөлімдері қызметкерлері арасында 2020 жылғы 8 айда  зейнетақы, жәрдемақыларды тағайындау барысында атқарылған жұмыстар және қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар –кеңес өткізілді.

      Семинарда уәкілетті орган өкілдерімен төлемдерді тағайындау бойынша Филиалдардың фронт-офис және бэк-офис қызметкерлерімен жіберілген кемшіліктердің алдын алу мен болдырмау жолдары талқыланды.

        Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, көп балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны қайта қарау кезінде туындаған мәселелерге қатысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 11.09.2020 ж. №01-1-2-21/ 11169-и  хаты бойынша  түсіндірмелер берілді.