Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2025 жылдың 1-тоқсанда атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша алқа жиналыс өткізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2025 жылдың 1-тоқсанда атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша алқа жиналыс өткізілді.

02.05.2025ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлының, департамент басшысы орынбасарының м.а. М. Жумагалиеваның, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының м.а. С. Дүйсенбайдың, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімнің басшысы С. Ситалиеваның, Әдеп жөніндегі уәкіл А. Бабатаевтың қатысуымен 2025 жылдың  І тоқсанда атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша алқа жиналысы өткізілді.  Атқарылған жұмыстарға туралы хабарлама жасалып, алдағы уақытқа тапсырмалар берілді және жұмыс барысын күшейтіп, бірқатар тапсырламардың орындалу қажеттігі түсіндірілді.

Жиналыс бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс екендігін, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормалар қабылданып жатқанын, Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау керектігін түсіндірілді.

Жиналысты қорытындылай келе, департаменттің жұмыс бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды және әр бағыт бойынша жауапты қызметкерлерге жұмыс сапасын одан әрі жақсартып, халыққа сапалы қызмет көрсету тапсырылды.