Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен бірлесіп, 25.04.2025ж. халықты әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі бағыттары бойынша азаматтарға «Ашық есік күні» өткізді.
«Ашық есік күнінде» жоғарыда аталған мекеме қызметкерлерімен шараға қатысқан азаматтарға зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыруға, сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер берілді.