23.04.2025ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Маханова және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Г.Абдыкалыкова Қызылорда қаласындағы Мүгедектерге арналған оңалту орталығында мүгедектігі бар тұлғалармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін тағайындауға және мүгедектік белгілеуге қатысты сұрақтарға түсіндірмелер жасалып, кеңестер берілді.