
28.03.2025 ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Департамент басшысының орынбасары Т. Мырзахметованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы бойынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен алдын алу және құқықтық көмек көрсету» тақырыбында құқықтық оқу өткізілді.
Құқықтық оқу барысында сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс екендігін, жауапкершілік және тәртіп қағидаттары, қызметтік міндеттерді орындау процесінде заңанаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы және оларға қарсы күрес әдістері сияқты негізгі мәселелерге тоқталды.
Құқықтық оқу барысында Т. Мырзахметова тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берді.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті