Тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы құқықтық оқу өтті

Тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы құқықтық оқу өтті

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2020 жылғы 25 тамызда ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы М.Абишев пен бөлім прокуроры А.Ниязбектің қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша құқықтық оқу өткізілді.

Құқықтық оқу кезінде уәкілетті орган өкілдері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінкеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, оқу барысында « Тұлғалардың өтініштерін біріңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу және осы жүйе ақпаратын Департамент қызметінде қолдану жөнінде де түсіндірме берілді.