«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Сырдария аудандық бөлімінің мамандарына whatsapp – месcенджері арқылы онлайн оқыту сабағы өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Сырдария аудандық бөлімінің мамандарына whatsapp – месcенджері арқылы онлайн оқыту сабағы өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Сырдария аудандық бөлімінің мамандарына whatsapp – месcенджері арқылы онлайн оқыту сабағы өткізілді.

 

17.08.2020ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Бұхарбаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Сырдария аудандық бөлімінің БЭК-офис мамандарына whatsapp – месcенджері арқылы онлайн оқыту сабағын өткізді.

Оқыту барысында көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа жәрдемақыны тағайындауда патронаттық тәрбиеге берілген баланың отбасы құрамында ескерілуі туралы, жәрдемақы мөлшерін қайта есептеу жөнінде, шетелдің білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша тіл үйрену курстарында білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау және асыраушысынан айырылуына байланысты патронаттық тәрбиешілерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, аталған қызметкерлер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 17.07.2020ж. №21-4-21/316-И, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қонКомитетінің 25.07.2020ж. №21-4-21/324-И, 06.08.2020ж.№21-1-21/2000, №21-1-21/2122 осы мәселелер бойынша хаттарымен таныстырылды.