Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 62- тармағына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптаушысына сәйкес оңалтудың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен (бұдан әрі-ОТҚ) қамтамасыз етіледі.
ОТҚ- көру қабілетінен айырылуы салдарынан мүгедектігі бар адамдардың жоғалған мүмкіндіктерін түзетуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құрылғылар.
ОТҚ-мен қамтамасыз ету осы Кодекстің 169-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларымен» Қағиданың 3- тармағына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі-ҰОС) қатысушыларын, 1941 – 1945 жылдардағы ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарды ОТҚ беруге арналған өтініштің және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен ОТҚ ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірлеген АОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ОТҚ ұсыну портал немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдар сөз шығаратын глюкометр жиынтығына кіретін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшалары 300 данада қамтамасыз етіледі.
Глюкометр жиынтығына кіретін тест жолақшаларын пайдаланғаннан кейін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшаларын мүгедектігі бар адамдар өз қаражаты есебінен сатып алады.
Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар:
саны 3 дана жіп тартқыштармен;
саны 25 дана тігін инелерімен;
бір жылдан кем емес мерзімге 1500 парақтан тұратын бедерлі-нүктелі қаріппен жазуға арналған қағазбен жабдықталады.
Брайль қарпіндегі сөйлейтін өзіндік оқулық, брайль бойынша жиналмалы әліппе мүгедектігі бар адамға бір рет, өмір бойы беріледі.
Мүгедектігі бар адамдар сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламалық қамтамасыз етуі бар ноутбукпен не Ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген Брайль қарпі бар сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютермен қамтамасыз етіледі.
Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукті Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерге немесе сөйлеу Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерін сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукке ауыстыру бұрын берілген құралды ауыстыру мерзімі өткен соң жүргізіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті