Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі туралы.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі туралы.

Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібі ҚР Әлеуметтік кодексінің 155-бабына, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23 ж. № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағида) сәйкес реттеледі.

Қағиданың 13-тармағы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) келтірілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету куәландырылатын адамның және/немесе оның заңды өкілінің МӘС бөліміне жүгінген күні көрсетіледі.

Қағиданың 4-тармағына сәйкес, медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу үшін негіз болып табылады.

          Қағиданың 7-тармағына  сай, медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.

Қағиданың 17-тармағына сәйкес, МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды көзбе-көз тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.

Қағиданың 18-тармағына сай,  МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

Мемлкеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Қағиданың 49-тармағына сәйкес  куәландырылатын адамның деректері «МОДБ» ААЖ-ға енгізіледі, онда осы Қағидаларға 8-қосымшада  көзделген нысан бойынша автоматтандырылған режимде электрондық МӘС актісі, осы Қағидаларға 17 және 18-қосымшаларда  көрсетілген нысан бойынша МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің МӘС жүргізу хаттамаларының журналдары және ережелері, осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген құжаттар қалыптастырылады.

Қағиданың 50-тармағы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер «МОДБ» ААЖ-дан автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне түседі.

Қағиданың 54-тармағына сәйкес, куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде, оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым береді.

Шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және шағым келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.