
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2023 ж. 9 айда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:
Облыс бойынша 2023ж. 9 айда республикалық бюджеттен 270705 адамға жалпы сомасы 128,4 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2022ж. 9 айында 257223 адамға 110,1 млрд.теңге төленген).
Оның ішінде зейнетақы төлемдері 80637 адамға сомасы 78,4 млрд.теңге, жәрдемақы төлемдері 127742 адамға сомасы 50,0 млрд.теңге төленген (2022ж. 9 айында 78350 адамға сомасы 68,6 млрд.теңге, жәрдемақы 120758 адамға 41,5 млрд.теңге төленген).
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері артуына байланысты, облыс аумағында 2023ж. 1 қантардан бастап 246,4 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушылардың және Әлеуметтік кодекс талаптарына сәйкес, 2023ж. 1 шілдеден бастап 46329 әлеуметтік жәрдемақы алушылардың төлем мөлшері қайта есептелінді.
Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 90189 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, сәйкесінше 90189 іс-макеттері бекітілді (өткен жылғы 9 айда 91510 болып, 1321-ге немесе 1,5 % азайған).
Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 44456 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы осы кезеңде 1196-ға немесе 2,7 % көбейген (43260).
Аталған кезеңде 45733 іс-макеті қайта қаралды, 2022 ж. 9 айында бұл көрсеткіш 48250 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 2517-ге немесе 5,2 % азайған.
442 іс-макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған (2022 ж. 9 айда 1809 іс бойынша тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 1367-ге немесе 75,6 % азайған.
Тағайындаудан бас тартуға 416 іс (94,1%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.
Қалғандарына 26 (5,9%) іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.
1357 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 1179 жаңадан тағайындалған, 178 қайта қаралған зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 1,5 % құрайды (90189).
Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1144) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (147), қалғаны (66) басқа төлемдер.
2022ж. 9 айында кері қайтарылған макеттер саны 1737 болған, бұл барлық іс-макеттің 1,9 % (91510) құраған.
Аталған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1500) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (135), қалғаны (102) басқа төлемдер болған.
Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі,1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметтің Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.
2023ж. арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін және халыққа уақытылы қызмет көрсетілуін анықтау мақсатында «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі- ААЖ) және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ) мәліметтерге мониторингтер жүргізілді.
Нәтижесінде зейнеткерлік жасқа толған, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын 34 адамға базалық зейнетақы төлемі тағайындалмағандығы және жасына байланысты зейнетақы мөлшері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі-МӘЖ) мөлшерінен жоғары 17 төлем алушыға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы белгіленгендігі, 40 төлем алушылар бойынша 8 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі-МЗЖ) аудару фактісінің болуы туралы мәліметтер анықталды.
Мониторинг қортындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына (бұдан әрі-Филиал) 5 ақпараттық хат (02.02.23ж. № -05/77-И; 03.03.23ж. №-2-04/144-И, 13.04.2023ж. №2-05/244-И, 25.05.2023ж. №1-05/321-И, 20.06.2023ж. №2-05/377-И, 10.08.2023ж. №2-05/546-И) жолданды.
Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша:
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс аумағында 32756 мүгедектігі бар адамдар тіркелген (оның ішінде, I топтағы -3890, II топтағы-10423, III топтағы-12153 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-6290).
Облыс бойынша 32756 мүгедектігі бар адамдардың жас аралық құрылымы: еңбекке жарамды жастағылар-19147, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-6290, зейнеткерлік жастағылар-7319. Жалпы халық саны бойынша мүгедектігі бар адамдардың үлестік салмағы-3,9%.
Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2023ж. 9 айда 8263 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2022ж.9 айда – 8754 немесе 5,6%-ға төмендеген).
Аталған кезеңде 2032 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2022ж. 9 айда -1943 немесе 89 адамға көбейген).
Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 24,2% құраған (2022ж.9 айда-23,4) (Республикалық көрсеткіш 20,4%).
Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1316 ересек адамдардың-963 (73,2%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 353(26,8%) - зейнеткерлер құрайды.
18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 716 бала шыққан, былтырғы 9 айда бұл көрсеткіш 683 болған, яғни есепті кезеңде 33 балаға көбейген.
Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда 2023 жылғы 9 айда:
бірінші орында – қан айналымы жүйесі ауруларының салдарлары 342, өткен жылмен салыстырғанда өскен 26,0% (2022ж.9 ай-25,9%);
екінші орында– қатерлі ісіктер аурулары 283, өткен жылмен салыстырғанда 19,4%-тен 21,5%-ға өскен;
үшінші орында –көз аурулары 179, өткен жылмен салыстырғанда 12,9%-дан 13,6%-ға өскен;
төртінші орында – жарақаттар 148, 12,5%-дан 11,2%-ға төмендеген.
18 жасқа дейінгі балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда:
бірінші орында – жүйке жүйесі аурулары салдарынан 284 алғашқы мүгедектікке шыққандардың үлестік салмағы 35,7%-дан 39,7%-ға өскен;
екінші орында – «туа біткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар» салдарларынан танылған 194 мүгедектігі бар балалардың үлестік салмағы 29,7%-дан 27,1%-ға төмендеген;
үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары – 76, 7,0%-дан 10,6%-ға өскен;
төртінші орында–сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары 23, өткен жылмен салыстырғанда 3,2% болып, бір деңгейде болған.
2023ж. 9 айда 5239 мүгедек, оның ішінде 3431 ересек адам, 1808 мүгедек-бала қайта куәландырудан өткен.
Қайта куәландырудан өткен 5239 мүгедектігі бар адамдардың арасынан 360 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 6,9% құрайды (Республикалық көрсеткіш 6,4%).
2022ж. 9 айда қайта куәландырудан өткен 5517 мүгедектігі бар адамдар арасынан 379 адам (6,9%) толық оңалған.
Яғни, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде болған.
Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 209 (12,9%) жартылай оңалтылған (Республикалық көрсеткіш 14,5%).
2022ж. 9 айда – 235 (13,1%) мүгедектігі бар адам жартылай оңалтылған, сәйкесінше бұл көрсеткіш 0,2 %-ға төмендеген.
Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 8,4% құрайды (Республикалық көрсеткіш 5,9%).
2022ж. 9 айда бұл көрсеткіш 6,8% құраған, яғни биылғы 9 айда 1,6%-ке өскен.
Есепті кезеңде 8263 тұлғаға көрсетілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау» мемлекеттік қызмет бойынша Әдіснама және бақылау бөлімінде шағымдану және бақылау мақсатында жүргізілген қайта куәландыру қорытындыларымен 41 (0,5%) жағдайда бастауыш бөлімдердің сараптамалық қорытындылары өзгертілген.
01.10.2023ж. Республика бойынша сырттай куәландырудың динамикалық көрсеткіші бойынша 2074 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 8263 куәландыру санының 25,1% құрайды (Республикалық көрсеткіш 27,5% құрайды).
Есепті мерзімде медициналық мекемелермен сараптамаға126 (оның ішінде, (оның ішінде, 4 ОЖБ-ға түзету енгізу бойынша), 91 проактивті сырттай куәландыру бойынша,( оның ішінде,21 сапасыз толтырылған жолдамалар), негізсіз жолданған материалдар (031/е нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін 35 ақпараттық хаттар жолданды.
Аталған хаттар бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен МӘС-ға 031/е нысанды жолдаманы негізсіз жолдау фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-бабының 2-1- тармағына сәйкес, 15 лауазымды тұлғаларға қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жалпы сомасы 258 750 т. айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленген.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған хаттарды қарау қорытындысымен медициналық мекемелердің басшылығымен 12 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылған.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы бойынша:
Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2023 жылғы 9 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 69 субъектіге (71 объект) профилактикалық бақылау және 15 субъектіге (15 объект) жоспардан тыс тексеру, барлығы 84 субъектіге (86 объект) тексеру шаралары жүргізілді.
Профилактикалық бақылау жүргізілген 61 субъектіде (63 объект) мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, 3 субъектіде (3 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 5 субъектіде (5 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 174 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша-114, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша–48, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша-12), оларды жою туралы 53 ұйғарым берілді (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша-45, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-3, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша-3, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша-2).
Жоспардан тыс жүргізілген 15 субъектіде (15 объект) мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 10 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 9 ұйғарым берілді.
Анықталған барлығы 184 заңбұзушылықтың 105 (57%) жойылған (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша-44, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-47, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша-14).
Қалған 79 заңбұзушылықты (43%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.
2023 жылғы 9 айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 34-ден 71-ке көбейген.
Заңбұзушылықтар саны 143-ден 174-ке көбейген, оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны 28-ден 53-ке көбейген.
2023 жылғы 9 айда жоспардан тыс 15 тексеру жүргізіліп, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке және 3 жеке кәсіпкерге және 2 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1121250 тенге 7 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді (2022 жылы 9 айда тексеру жүргізілмеген, прокуратураның ұсынымымен 6 лауазымды тұлғаға, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке және 2 жеке кәсіпкерге жалпы сомасы 1531500 тенге 14 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді).
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы:
Департаментпен 2023 ж. 9 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың 750 өтініші қаралып, оның 603 әкімшілік рәсім тәртібімен (441 қолайлы әкімшілік акт, 149 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 13 әкімшілік рәсім тоқтатылды), 147 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған (2022ж. 9 айында 692 өтініш қаралып, оның 485 әкімшілік рәсім тәртібімен (356 қолайлы әкімшілік акт, 118 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 11 әкімшілік рәсім тоқтатылды), 207 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған.
Яғни, қаралған өтініштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 -ге немесе 7,7% -ға көбейген.
Есепті мерзімде қаралған өтініштердің 732 (97,6%) жеке тұлғалардың, 18 (2,4%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.
Қаралған өтініштердің 461 (61,5%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсызданыру саласы бойынша, 281 (37,5%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша, 8 (1,0%) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша.
Басшылықта жеке қабылдауда 135 жеке тұлға болып, оларға заңнама талаптары түсіндірілген.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы:
Департамент қызметкерлерімен есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз беттерінде 68 мақала жарияланып, телеарналардан 8 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 129 хабарламалар жарияланып, Өңірлік коммуникациялар қызметінде 6 рет брифинг, 68 рет ұжыммен және халықпен кездесулер, 27 рет дөңгелек үстел, мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңестер, 9 рет құқықтық оқу өткізілді.