Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жеке қабылдау өткізілді.

Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жеке қабылдау өткізілді.

02.02.2023 ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А. Маханова мен медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Т.Мырзахметова Қызылорда қаласындағы Мүгедектерге арналған оңалту орталығында мүгедектігі бар тұлғалармен кездесіп, жеке қабылдау   өткізді.

          Жеке қабылдау барысында 18 мүгедектігі бар адамнан түскен зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін тағайындауға және мүгедектік белгілеуге, жеке оңалту бағдарламасына қатысты сұрақтарға түсіндірмелер жасалып, кеңестер берілді.