Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға қатысты заңнама талаптары бойынша төмендегідей түсіндірме береді:

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға қатысты заңнама талаптары бойынша төмендегідей түсіндірме береді:

Елімізде асыраушысынан айырылған отбасына мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлем бар. Бұл жәрдемақыны алуға Қазақстан азаматтарынан бөлек, елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдар да құқылы. Айта кетейік, егер ол бірнеше мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы болса, (мүгедектігі, жасы және т.б.), онда мемлекеттен тек бірғана жәрдемақы тағайындалады.

12.10.2021ж. әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Соған сәйкес, мүгедек балалар бірден екі түрлі жәрдемақы алу құқығын алды. Бұл асыраушысынан айырылған және мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұрын қолданыста болған заңнама нормасына сәйкес, ата-анасының біреуін емес екеуі (яғни асыраушысы) қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақының біреуін ғана ала алатын еді.

Асыраушысынан айырылға нжағдайда әлеуметтік төлем кімге және қалай төленеді?

- Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедектігі бар адам болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi – егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары – егер олар ата-аналарынан алимент алмаса есептеледi.

- Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

- зейнетке шыққан әкесі, шешесі (асырап алушыларды қоса алғанда),әйелі, күйеуіне;

- қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған баласын бағатын еңбекке жарамды ағасына, әпкесіне, ата-анасы немесе ата-әжесіне;

- күнкөріске жеткілікті қаражаты жоқ зейнетке шыққан атасы мен әжесіне.

-Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.

- Әлеуметтік төлем мөлшері отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайд аесептеу қайта жасалады. Асыраушылардың яғни ата-ананың екеуі де қайтыс болған жағдайда, төлем оның балаларын асырап алушыға (қамқоршыға) оның ресми өкіліне төленедi.

Жәрдемақы көлемі қанша?

Асыраушысынан айырылғандарға ай сайынғы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес тағайындалады («Республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2023 ж. белгiленген ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі –ЕТКД) – 40567 теңге). Жәрдемақы мөлшері еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің санына қарай бекітіледі.

 

отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,86 ЕТК;

      екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49ЕТК;

      үшеу болғанк езде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85 ЕТК;

      төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ЕТК;

      бесеу болған кезде – отбасының еңбекк ежарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ЕТК;

      Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.

Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы әрбір балаға – 1,18 ЕТК мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ЕТК мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ЕТК аспайтын мөлшерде тағайындалады.

Әлеуметтік төлемге өтініш беру үшін қандай құжаттар керек?

- жеке басты куәландыратын құжат (жекекуәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі – жекебасын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

- асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;

- қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адам мен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы  (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер;

- он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жылсайын жаңартылады);

- қамқоршы немесе қорғаншы белгілеу туралы құжат;

- банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі.

Жәрдем ақы қанша уақыт ішінде тағайындалады және қайда жүгіну керек?

Тұрғылықты жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесінде 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетіледі. Тағайындау мерзімі өтініш беруші мемлекеттік корпорацияға барлық қажетті құжаттармен тіркелген күннен және әлеуметтік төлемді тағайындауға келісім алған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды. Қызметті онлайн режимінде Қазақстан Республикасының «Egov» электрондық үкіметінің сайтынан алуға болады.