Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2022ж. 10 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2022ж. 10 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

 

   Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен  2022 ж.  10 айда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:

 

Облыс бойынша  2022ж. 10 айда республикалық бюджеттен 260596 адамға жалпы сомасы 122,7 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2021ж. 10 айда 250730 адамға 109,7 млрд.теңге төленген).

Оның ішінде зейнетақы төлемдері 78647 адамға сомасы 76,4 млрд.теңге, жәрдемақы төлемдері 122750 адамға сомасы 46,3 млрд.теңге төленген (2021ж. 10 айында 76423 адамға сомасы 69,6 млрд.теңге, жәрдемақы 116660 адамға  40,1 млрд.теңге төленген).

Инфляция деңгейін ескере отырып, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері артуына байланысты, облыс аумағында 2022ж.                                 1 қантардан бастап 238,4 мыңнан, 1 сәуірден бастап 243,7  мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы  алушылардың төлем мөлшері  жыл көлемінде                 2 рет қайта есептелінді.

Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 14 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 100882  қызмет  алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, сәйкесінше  100882 іс-макеттері бекітілді (өткен жылғы 10  айда  94936 болып, 5946-ға  немесе 5,9 % көбейген).

Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 47987 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы осы кезеңде 195-ке  немесе 0,4 % көбейген (47792) (слайд № 4,5 ).

Аталған кезеңде 52895 іс-макеті қайта қаралды,  2021 ж. 10 айында бұл көрсеткіш 47144 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 5751 немесе 10,9 % көбейген.

1939 іс-макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған (2021 ж. 10 айда 2737  іс бойынша  тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 798-ге немесе 41,2 % азайған.

Тағайындаудан бас тартуға 1893 іс (97,6%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.

Қалғандарына 46 (2,4%) іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

1937 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 1778-жаңадан тағайындалған  159 қайта қаралған  зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 1,9 % құрайды (100882).

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1675) мен көпбалалы  отбасыларға  берілетін жәрдемақылар (155), қалғаны (107) басқа төлемдер.

2021 ж. 10 айында кері қайтарылған макеттер саны 1387 болған, бұл барлық іс-макеттің 1,5%  (94936) құраған.

 Аталған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1225) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (142), қалғаны (20) басқа төлемдер болған.

Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі,1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметтің Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.

2022ж. арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін және халыққа уақытылы қызмет көрсетілуін анықтау мақсатында «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі- ААЖ) және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ), мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқордағы(бұдан әрі-МОДҚ) мәліметтерге мониторингтер жүргізілді.

Нәтижесінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушыларды «Е-макет» ААЖ, «ОДҚ» мен «МОДҚ» салыстырып тексергенде 12 төлем алушылар бойынша сәйкессіздік, 10 төлем алушылар бойынша 8 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғаларға, міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі-МЗЖ) аудару фактісінің болуы туралы мәліметтер, жасына байланысты зейнетақы мөлшері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі-МӘЖ) мөлшерінен жоғары  16 төлем алушыға арнаулы  мемлекеттік жәрдемақы тағайындалмағандығы анықталды.

Мониторинг қортындысы бойынша анықталған кемшіліктерді  жою  және алдағы уақытта болдырмау жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына (бұдан әрі-Филиал) 6 ақпараттық (14.02.22ж.  №05/102-И; 29.03.22ж. №-05/197-И); 20.04.22ж. №-05/267-И); 09.06.22ж. №05/381-И, 05.07.22ж. №05/462-И )   04.10.2022ж.№05/645-И хат жолданды.

     

Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша:

 

 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс аумағында 31775 мүгедектігі бар адамдар тіркелген (оның ішінде, I топтағы -3522, II топтағы-10466, III топтағы-12155 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-5632).

Облыс бойынша 31775 мүгедектігі бар адамдардың жас аралық құрылымы: еңбекке жарамды жастағылар-19190, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-5632, зейнеткерлік жастағылар-6953. Жалпы халық саны бойынша мүгедектігі бар адамдардың үлестік салмағы-3,8%.

             Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2022ж. 10 айда 9911 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2021ж.10 айда  – 8892 немесе 11,5%-ға өскен).

             Аталған кезеңде 2191 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2021ж. 10 айда -1867 немесе 324 адамға көбейген.

             Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 26,4% құраған (2021ж.10 айда-22,7%).

             Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1419 ересек адамдардың-1097 (77,3%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 322(22,7%) - зейнеткерлер құрайды.

             18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 772 бала шыққан, былтырғы 10 айда бұл көрсеткіш 619 болған, яғни есепті кезеңде 153 балаға көбейген.

             Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылғы 10 айда:

               бірінші орында – 368, қан айналымы жүйесі ауруларының салдарлары, өткен жылмен салыстырғанда төмендеген 25,9% (2021ж.10 ай-27,8%);

              екінші орында–271, қатерлі ісіктер аурулары өткен жылмен салыстырғанда 20,8%-ден 19,1%-ға төмендеген;

үшінші орында – 188, көз аурулары өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-дан 13,2%-ға өскен;

төртінші орында – 169 жарақаттар 9,9%-дан  11,9%-ға өскені байқалады. 

18 жасқа дейінгі балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда:

 бірінші орында – 266, жүйке жүйесі ауруларының салдарынан алғашқы мүгедектікке шыққандардың үлестік салмағы 32,0%-дан 34,5%-ға  өскен;

    екінші орында – 235, «туа біткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар» салдарларынан танылған мүгедектігі бар балалардың үлестік салмағы 34,1%-дан 30,4%-ға төмендеген;

 үшінші орында – 55, тыныс алу органдарының аурулары – 5,5%-дан 7,1%-ға өскен;

төртінші орында– 34, эндокриндік аурулар, тамақтану және зат алмасудың бұзылуы аурулары 4,2%- дан 4,4% -ға өскені байқалады (слайд №21).

             2022ж. 10 айда 6320 мүгедек, оның ішінде 4119 ересек адам, 2201 мүгедек-бала қайта куәландырудан өткен.

             Қайта куәландырудан өткен 6320 мүгедектігі бар адамдардың арасынан 438 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 6,9% құрайды.

             2021ж. 10 айда қайта куәландырудан өткен 5942 мүгедектігі бар адамдар арасынан 462 адам (7,8%) толық оңалған.

             Яғни, бұл көрсеткіш 0,9% -ға төмендеген.

             Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 260 (12,7%) жартылай оңалтылған.

             2021ж.  10 айда – 298 (15,8%) мүгедектігі бар адам жартылай оңалтылған, сәйкесінше бұл көрсеткіш 1,9%-ға төмендеген.

             Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 6,8% құрады.

             2021ж. 9 айда бұл көрсеткіш 5,9% құраған, яғни биылғы 9 айда 0,9%-ке өскен.

             ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 01.11.22ж. жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 90,1% құрады (Республика бойынша 82,0%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 73,2%, сурдотехникалық көмек 84,5%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 93,0%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 91,5% болса, санаторлық- курорттық емделу 86,1%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 96,9%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 98,7%, ымдау тілі маманының қызметтерінің орындалуы 97,9% құраған.

             Есепті кезеңде 9911 тұлғаға көрсетілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау» мемлекеттік қызмет бойынша  Әдіснама және бақылау бөлімінде шағымдану және бақылау мақсатында жүргізілген қайта куәландыру қорытындыларымен 46 (0,5%) жағдайда бастауыш бөлімдердің сараптамалық қорытындылары өзгертілді.

             ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» 14.06.21ж. бекітілген бұйрығына сәйкес, 15.11.21ж. бастап Департаменттің МӘС бөлімдері аталған мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетуде.

             01.11.2022ж. Республика бойынша сырттай куәландырудың динамикалық көрсеткіші бойынша 2079 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 9911 куәландыру санының 20,9% құрайды. Республикалық көрсеткіш 22,8% құрайды.       

             Есепті мерзімде медициналық мекемелермен сараптамаға 183 (оның ішінде,81 негізгі базада, (оның ішінде, 11 ОЖБ-ға түзету енгізу бойынша), 102 проактивті сырттай куәландыру бойынша,( оның ішінде, 10 сапасыз толтырылған жолдамалар), негізсіз жолданған материалдар (031/у нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін 49 ақпараттық хаттар жолданды.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы бойынша:

 

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2022 жылғы 10 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 31 субъектіге (36 объект) профилактикалық бақылау  және 5 субъектіге (5 объект) жоспардан тыс тексеру, барлығы 36 субъектіге (43 объект)  тексеру шаралары жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 23 субъектіде (28 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 6 субъектіде (6 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 2 субъектіде (2 объект)  арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 157 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-78, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша–68, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша-11), оларды жою туралы 30 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-22, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-6, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша-2).

Анықталған барлығы 157 заңбұзушылықтың 96-ы (61,1 %) жойылған (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-42, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-54).

Қалған 61 заңбұзушылықты (38.9%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

2022 жылғы 10 айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 23-ден 31-ге  көбейген.

 Заңбұзушылықтар саны 137-ден 157-ге көбейген, оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны  29-дан 30-ға дейін көбейген.

2022 жылғы 10 айда жоспардан тыс 5 тексеру (ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша) жүргізілген, заңбұзушылықтар анықталған жоқ (2021 жылы 10 айда осындай 14 тексеру жүргізіліп,  4 лауазымды тұлғаға 466 720 теңге көлемінде 7 айыппұл салынып, салынған айыппұл толығымен бюджетке төленген).

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы:

 Департаментпен 2022 ж. 10 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың 758 өтініші қаралып, оның 547 әкімшілік рәсім тәртібімен   (401  қолайлы әкімшілік акт, 131 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 15  әкімшілік рәсім тоқтатылды),  211 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен  қаралған (2021ж. 10 айында 913 өтініш қаралып, оның  238 қанағаттандырылып, 439 түсіндірме беріліп, 2 қысқартылған,  246  азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).

Яғни, қаралған өтініштер  155-ке немесе 22,4% -ға    азайған.

Есепті мерзімде қаралған өтініштердің 735 (97,0%) жеке тұлғалардың,                       23 (3,0%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

Қаралған өтініштердің   392 (51,7%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсызданыру саласы бойынша,  366 (48,3%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша. 

Басшылықта жеке қабылдауда 207 жеке тұлға болып, оларға заңнама талаптары түсіндірілген.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы:

 

Департамент қызметкерлерімен  есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз беттерінде 58 мақала жарияланып, телеарналардан 10 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 133 хабарламалар жарияланып,  Облыстық  коммуникациялар  қызметінде 5 рет брифинг,  37 рет  мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 17 рет құқықтық оқу, 11 рет дөңгелек үстел өткізілді.