05.10.2022ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы тұрғындар арасында Мемлекет басшысының 01.09.2022ж. Қазақстан халқынаЖолдауын және Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде, Әлеуметтік кодекстің жобасының негізгі бағыттары:«Отбасының цифрлық картасын енгізу», «Жұмыспен қамтудың саясаты», «Жаңа көші-қон саясаты», «Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту», «Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру» бойынша түсіндірме жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушылардың зейнетақымен қамсыздандыру, халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша қойған сұрақтарына жауаптар берілді.