Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесі қызметіне профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді

Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесі қызметіне профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2022 ж. №146 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында профилактикалық бақылау жүргізудің 2022 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2022 жылғы 08-12 тамыз аралығында «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметіне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау нәтижесімен әлеуметтік қызмет көрсету саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы мерзімі белгіленген ұйғарым берілді.

Профилактикалық бақылау жүргізу барысында Департамент қызметкерлері қызмет алушылармен кездесіп, олармен үйден көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша сұхбаттасты.

Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Ситалиева 12.08.2022 ж.  аталған мекеменің басшысы мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен  дөңгелек стол өткізді.  Дөңгелек стол барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, әлеуметтік мамандардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты  сұрақтарына жауап берілді.