Құқықтық оқу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық оқу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

10.08.22ж. ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен алдын алу және құқықтық көмек көрсету туралы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің провинция бөлімінің бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызының, Облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызының қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген бірқатар жаңа нормалар және Мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды жүзеге асыру  Қағидалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтқанда, Ж.Қозбағарова құқықтық оқу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санатына пара беру, пара алу, парақорлықта делдал болу, өзінің лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу және басқа қылмыстар жататындығы, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жасап сотталған тұлғалар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды жою, құқық қорғау қызметкерлерінің, судьялардың делдалдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілігін қатаңдату, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандарға қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеу мүмкіндігінің күшін жою жөніндегі нормалар енгізілгендігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, А.Айбергенова Мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды жүзеге асыру ҚР Үкіметінің 31.05.21ж. №358 «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидалармен реттелетіндігін  атап көрсетіп,  қағиданың 56 тармағына сәйкес, әрбір мемлекеттік органда мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталғанүлгілік базалық бағыт жүзеге асырылатындығы, үлгілік бағыт 6 блоққа бөлінетіндігі, 4 блок «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ол 4 бағытқа бөлінетіндігі оның 4 бағытын іске асыру – орталық аппараттардың, ведомстволардың, аумақтық бөлімшелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қамтитындығына, бұл жоба 19 кіші жобаны және 107 нақты міндеттер мен идикаторларды көздейтіндігіне және жобаны сапалы іске асыру үшін Нұсқаулық пен Әдістемелік ұсынымдар қалыптастырылғандығы туралы түсіндіріп өтті.

Түсіндірме жұмысы барсында, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Тулегенова қызметкерлерге ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің әдептілік қағидаттарына, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік стандарттарына сәйкес қойылған талаптар туралы түсіндірме беріп өтті.

 Құқықтық оқыту барысында уәкілетті органның қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына бейнеролик көрсетті, сондай-ақ барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.