Облыс аумағында ағымдағы жылғы 11-24 мамыр аралығында 01.04.2022ж. бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің артуы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыс аумағында ағымдағы жылғы 11-24 мамыр аралығында 01.04.2022ж. бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің артуы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі төрағалығымен 2022 жылғы 5 мамырда өткізілген жиналыста берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау мақсатында,  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент), Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылғы 11-24 мамыр аралығында облыс бойынша әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, 01.04.2022ж. бастап зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдері мөлшерінің арттырылуы туралы, әлеуметтік инфрақұрылымның нысандарын бейімдеу, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен қызмет көрсетудің бизнес-процестері туралы тұрғындар  арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда,  Сырдария (Тереңөзек кенті, Шіркейлі, Ңағи Ильясов ауылдары тұрғындары), Шиелі (Шиелі кенті, Байгекұм ауылы тұрғындары), Жаңақорған (Жаңақорған кенті, Төменарық, Сунақата, Екпінді, Сүттіқұдық, Қожамберді, Кейден, Жайылма, Акүйік, Шалқия, Машбек Налібаев ауылдары тұрғындары), Арал (Арал қаласы, Қамыстыбас ауылы тұрғындары), Қазалы (Қазалы қаласы, Айтеке би кенті, Алға, Арықбалық, Көларық, Қарашенгел ауылдары тұрғындары), Қармақшы (Қармақшы кенті, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Дүр Оңғар, Ақтөбе, III Интернационал ауылдары тұрғындары), Жалағаш  (Жалағаш кені, Ақсу, Еңбек, Мәдениет, Шаменов ауылдары тұрғындары) аудандары, Қызылорда қаласы (Тасбөгет кенті, Белкөл кенті, Қараултөбе, Ақжарма, Ақсаут, Талсуат, Қызылөзек, Қызыжарма ауылдары тұрғындары), тұрғындары арасында барлығы 23 елді мекендерде  жалпы саны 1200-ге жуық тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында «Тең қоғам» және  «Бақытты отбасы» орталықтарында 40 мүгедектігі бар тұлғалар мен тұрғындар арасында  кездесулер өткізіліп, түсіндірме берілді.   

 Кездесу барысында Департамент қызметкерлері тарапынан  Қазақстан Республикасының заңнамаларына азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап инфляция деңгейінің өзгеруіне байланысты, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылуы туралы және  тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру, халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша сұрақтарына заңнама бойынша түсіндірме берілді.

     Сонымен қатар,  «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында  «Адал көмек» жобасы аясында 2022 жылғы 11 мамырда  Департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары әлеуметтік желінің қолданушылармен тікелей эфир өткізіп, түсіндірме берді.

Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен колжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына»  сәйкес,  әлеуметтік желінің қолданушылармен онлайн жәрменкесін өткізіп, онда Қазақстан Республикасының заңнамаларына азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап инфляция деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің  мөлшері арттырылуы туралы түсіндірме жасалды.

24.05.2022ж. Департамент басшысымен Республика бойынша халықты әлеуметтік қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде, 1.04.2022ж. бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің  мөлшері арттырылуы туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.

          Сонымен қатар, 24.05.2022ж. облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде Департамент басшысының Республика бойынша халықты әлеуметтік қорғауда атқарылып жатқан шаралар жөнінде, зейнетақы және жәрдемақы төлемдері мөлшерінің 01.04.22ж. бастап  арттырылуы туралы мақаласы және сұхбаты жарияланды.

          Департаменттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде  11-24 05.22ж. аралығында аталған тақырыпта  14 хабарламалар жарияланды.