«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –нің Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімдерінің қызметкерлеріне оқыту сабағы өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –нің Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімдерінің қызметкерлеріне оқыту сабағы өткізілді.

29.11.2021ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы К.Сарсенов «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша  филиалының Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандық бөлімдерінің Фронт, БЭК-офистерінің мамандарына оқыту сабағын өткізді.

Оқу барысында аталған қызыметкерлерге ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына азаматтардың жекелеген  санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау барысында туындаған мәселелерге қатысты әдістемелік көмек көрсетілді.