«Әлеуметтік адалдық алаңында» зейнеткерлер және мүгедектігі бар тұлғалармен кездесу өткізілді.

«Әлеуметтік адалдық алаңында» зейнеткерлер және мүгедектігі  бар тұлғалармен кездесу өткізілді.

2021 жылғы 30 қыркүйекте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Aleymettik Adaldyq  Alanynda»   орталығында Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының  м.а. А.Маханова және №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Т.Мырзахметова мен қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Б.Төлегенованың қатысуымен  зейнеткерлер және  мүгедектігі бар тұлғалармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында зейнетақы және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау заңнамасы бойынша,  оның ішінде  әлеуметтік жәрдемақы төлемдері, мүгедектік тобын  күшейту, жеке оңалту бағдарламасы әзірленуі бойынша, сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бағытында атқарылған шаралар туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.