«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында «Antikor Live» жобасы аясында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 2021 жылғы 5 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар бойынша тікелей эфир өткізілді

«Antikor  Ortalygy» сервистік орталығында «Antikor Live» жобасы аясында Департамент  қызметкерлерінің қатысуымен 2021 жылғы 5 ай  қорытындысымен атқарылған жұмыстар бойынша тікелей эфир өткізілді

2021 жылғы 7 маусымда «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Л.Боранбаева, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Қ.Дусжанова, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Ситалиеваның қатысуымен Департаментпен 2021 жылғы 5 айда атқарылған жұмыстар жөнінде тікелей эфир өткізілді.

Тікелей эфир барысында Департамент қызметкерлерімен халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат берілді.