Облыс аумағындағы емханалардың дәрігерлік - кеңестік комиссиялары төрағаларының қатысуымен бейнебайланыс режимінде ZOOM қосымшасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Облыс аумағындағы емханалардың дәрігерлік - кеңестік комиссиялары төрағаларының қатысуымен бейнебайланыс режимінде ZOOM қосымшасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

21.05.2021 ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Департаментпен көрсетілетін «Мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы өзгерістер туралы» тақырыпта Облыс аумағындағы емханалардың дәрігерлік- консультативтік кеңестер төрағаларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында қатысушыларға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 ж. № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 ж. № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді.