Дөнгелек стол өткізілді

Дөнгелек стол өткізілді

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен (бұдан әрі – Департамент) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ағымдағы  жылғы 17 наурыздағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс - шаралар туралы» хаттамалық шешіміне және «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарға сәйкес, Департаменттің мәжіліс залында 5.04.2021 ж. аталған тақырыпта дөңгелек стол өткізілді.

      Дөңгелек столға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Алимкулова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев,  «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры Ж.Тұсмағамбетов, Департаменттің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы, Қызылорда қаласы әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі, «Сыр дидары»  газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шаймбетов, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Абдукаримов және Департамент қызметкерлері қатысты.

      Дөңгелек стол барысында Департамент басшысы Е.Жалғасбаев, Департамент басшысының МӘС жөніндегі орынбасары Ж.Нұрбек және Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі, халықты әлеуметті қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Накипов Департамент бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы баяндап, қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой-пікірлер, ұсыныстар айтып, белсенді талқылау өтті.