АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ.

АППАРАТТЫҚ  МӘЖІЛІС  ӨТКІЗІЛДІ.

Ағымдағы жылғы 24 ақпанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінде 2020 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар нәтижесі, алдағы кезеңдегі міндеттер жөнінде Департамент басшысы Е. Жалғасбаевтың төрағалығымен  аппараттық  мәжіліс өткізілді.

Мәжілісте Департамент басшысының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша орынбасары Л. Боранбаеваның, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша орынбасары               Ж. Нұрбектің, халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Б. Накиповтың,  қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б. Төлегенованың, персоналды басқару жөніндегі бас маман  Г. Темирханованың баяндамалары   тындалып, талқыланды.

Аппараттық мәжіліс қорытындысымен Департамент басшысымен 2021 жылға міндеттер белгіленіп, қызметкерлерге Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы және мерзімінде жүзеге асыру, медициналық-әлеуметтік сараптаманы объективті және сапалы жүргізу, мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын, оларды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын бақылауды пәрменді жүзеге асыру, аталған салалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу тапсырылды.