
Қызылорда облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Махановамен 2026 жылғы 23 маусымда қатысуымен бөлім мамандарына құқықтық оқыту сабағы өткізілді.
Оқыту барысында қатысушыларға қолданыстағы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сондай-ақ «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ААЖ) жаңадан енгізілген функционалдармен таныстырылды.
Сонымен қатар, күнделікті жұмыс барысында зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау кезінде туындаған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.