
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Маханова Айгүл Байтұрсынқызымен 2026 жылғы 26 маусымда Департаментте облыс тұрғындары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі уәкілмен азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, зейнетақы төлемдерін тағайындау, мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтық, заңдылық, әдептілік және сыпайы қарым-қатынас қағидаттарының сақталатыны түсіндіріліп, олардың өтініштері мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша қажетті құқықтық кеңестер ұсынылды.
Іс-шара соңында азаматтардың барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар беріліп, заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.