
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова 25.06.2026жылы Департамент қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жұмыс барысында қолдану тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлерге күнделікті жұмыс барысында түрлі санаттағы қызмет алушыларға қызмет көрсетеміз. Алайда, кейбір азаматтар жүгіну барысында өздерін дөрекі ұстап, жалпыға бірдей моральдық-әдеп нормаларын сақтамайтыны жасырын емес. Ондай жағдай сабырға шақырып, сұрағына нақты жауап беріп, әдептілік сақтау біздің басты міндетіміз екендігі жөнінде ұмытпау керек екендігі және жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құқықтық оқу барысында тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.