ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінде 26.06.2026ж. сағат 09:00-12:00 аралығында  Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Маханова Айгүл Байтұрсынқызы және қызметкерлердің қатысуымен  «Ашық есік күні» өткізіледі.

Іс-шарада зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін тағайындауға, мүгедектік белгіленуіне және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

Баршаңызды  шараға қатысуға шақырамыз!

Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, №47, 4 этаж, мәжіліс зал