Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасының әзірлеу тәртібі

Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасының әзірлеу тәртібі

Мүгедектікті белгілеу және куәландырылатын адамның  әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

           Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат.  

            Оңалтудың жеке бағдарламасына:

- медициналық оңалту;

-әлеуметтік оңалту;

-кәсіптік оңалту шаралары енгізіледі.

             ОЖБ-ның медициналық бөлігін Медициналық ұйымның мультидисциплинарлық топ Медициналық оңалту көрсету қағидаларына және диагностика, емдеу және оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес әзірлейді, ДКК төрағасының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

             Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектігі бар адамның оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, № 031/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып МӘС бөлімшесі:

1) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін:

2) мүгедектігі бар адамның еңбек және кəсіби қызметін ескере отырып, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлейді.

 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрығымен протездік-ортопедиялық,  техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және арнаулы жүріп- тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін, мүгедектігі бар адамның еңбек және кәсіби қызметін ескере отырып, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлейді.

            Куәландырылған адамға немесе оның заңды өкіліне  ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөілігін әзірлеген кезде  - мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасымың  әлеуметтік және кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмелер беріледі. 

ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі есепке алу және ұсынылған оңалту іс-шараларын кейіннен орындау үшін автоматтандырылған режимде «Е-собес» ААЖ-ға, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі «Еңбек нарығы» ААЖ-ға келіп түседі.

 

Байтуған Алтынай

№3 медициналық-әлеуметтік

сараптама бөлімінің бас маманы