
21.05.2026 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы «QYZYIORDA TV» телеарнасындағы «AnygTimes» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.
Сұхбат барысында Департамент басшысы жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты 01.07.2026 жылдан бастап құрылыс процесіне қатысатын барлық тараптардың жауапкершілігінің күшейтілгенін және бүгінде мемлекет құрылыс қарқынына ғана емес, сонымен қатар объектілердің сапасына, қауіпсіздігіне және халық үшін қолжетімді болуына баса назар аударуда.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Яғни, ғимараттар мүгедектігі бар адамдарға, жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға, қарт адамдарға және балалы ата-аналарға қоса алғанда, барлық азаматтар үшін қолайлы болуы тиіс екендігін жеткізді және сәйкестік туралы декларация — салынған объектінің заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкес келетінін растайтын ресми құжат.