Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті 15.05.2026ж. сағат 15:00-де Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Іс-шарада зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін тағайындауға, мүгедектік белгіленуіне және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
Өткізілетін орны: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, «Ордакент» мәдениет үйі.