Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлеріне жол жүру қағидаларын сақтау мәселесі бойынша Қызылорда облысының департамент полиция қызметкерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құқықтық оқу өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департамент қызметкерлеріне 28.04.2026ж. жол жүру қағидаларын сақтау мәселесі бойынша Қызылорда облысының полиция департаментінің полиция майоры Аңламасов Орынбасар Олжабайұлымен құқықтық оқу өткізілді.   

Құқықтық оқыту барысында құзырлы органның өкілі қатысушыларға жол жүру қағидаларын сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің негізгі шарты және әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші ережелерді қатаң орындауы тиіс, өйткені бұл адам өмірі мен денсаулығын сақтауға тікелей әсер ететіндігі туралы айтып өтті.  

Сонымен қатар, негізгі талаптар: жылдамдықты белгіленген шектен асырмау, бағдаршам сигналдарын және жол белгілерін сақтау , қауіпсіз арақашықтықты сақтау, мас күйінде көлік жүргізбеу, жаяу жүргіншілерге жол беру керектігі түсіндірді.

Іс шара барысында қатысушылардың тақырып бойынша  туындаған сұрақтарына  жан-жақты түсіндірме берді.