Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен азаматтарға жеке қабылдау өткізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен  азаматтарға жеке қабылдау өткізілді

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Маханова Айгүл Байтурсыновна 27.04.2026ж. Қызылорда қаласының тұрғындары Р. Умбетова және Л.Тажибаевалармен  жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында  Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет алушыларға  зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң реттелген және өтініштерді қабылдау мен қарау белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылатындығы, ал барлық шешімдер заңнама талаптарына негізделіп қабылданатындығы жөнінде түсіндірме берді.

Сонымен қатар, қызметті алу барысында қандай да бір заңсыз талаптар немесе қосымша төлемдер көзделмегендігі, қызмет көрсету процесі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі, бұл адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік беретіндгі туралы жеткізді.