
23.04.2026 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлының Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент мамандары зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерін тағайындау тәртібі, төлем мөлшерінің арттырылуы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі туралы тұрғындармен жеке қабылдау жүргізді.