Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен азаматтардың қайтыс болу фактісі медициналық ұйымның «Халықты тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне уақытылы тіркелмеуіне қатысты туындаған мәселелер бойынша мүдделі органдар қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен  азаматтардың қайтыс болу фактісі  медициналық ұйымның «Халықты тіркеу пункті» ақпараттық  жүйесіне уақытылы тіркелмеуіне қатысты    туындаған мәселелер бойынша мүдделі органдар қызметкерлерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары А.Сагимбаеваның төрағалығымен 14.04.2026ж. Департаменттің   зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы А. Маханова,  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас  маманы Д.Есетова мен «Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» басшысының орынбасары Ғ.Нурсейтова және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның  Қызылорда облысы бойынша филиалының басқарма басшысы С.Елденбай, бөлім басшысы У.Оспанованың қатысуымен азаматтардың қайтыс болу фактісі  медициналық ұйымның «Халықты тіркеу пункті» ақпараттық  жүйесіне уақытылы тіркелмеуіне қатысты туындаған мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Департамент басшысының орынбасары А.Сагимбаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің облыс бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін алушыларға артық төленген қаражатты бюджетке қайтаруға қатысты тапсырмасына сәйкес, жұмыстар жүргізу барысында қазіргі таңдағы туындап отырған өзекті мәселенің бірі - азаматтардың қайтыс болу фактісі медициналық ұйымның «Халықты тіркеу пункті» ақпараттық жүйеге уақытылы тіркелмеуі салдарынан көптеген кедергілер туындап отырғандығы туралы жеткізді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың қайтыс болуы туралы мәліметтерді медициналық ұйымның ақпараттық жүйесіне уақытылы дер кезінде  тіркелуін бақылап отыру жөнінде ескерте отырып, бір-бірімізбен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттігі жөнінде айтып өтті.

Соңында іс шараға қатысып отырған мүдделі органдардың өкілдері өз тараптарынан ұсыныстарын жеткізіп, пікірлерімен алмасты.