Өңірлік комиссия құрамы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді

Өңірлік комиссия құрамы мүшелерімен  дөңгелек үстел өткізілді

8.09.2025 жылғы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан «Жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі іс-қимылдар» жоспарындағы тапсырмаларды орындау мақсатында 14.04.2026ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті басшысының орынбасары А. Сагимбаеваның төрағалығымен, өңірлік комиссия құрамы мүшелері- Департаменттің бөлім басшысы А. Маханова, бас маманы С. Дүйсенбай, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор Г. Сарсенбаев және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік сала бойынша қалалық бөлімінің басшысы У. Оспанова мен маман Н. Жүсіпназардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жиында, комиссия төрағасы А. Сагимбаева Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қарасты жергілікті әскери басқару органдары арқылы нақтыланбай тұрған төлем алушылар бойынша уақыт тығыздығына байланысты, тез арада жұмыстар жүргізу қажеттігі жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, бекітілген жоспардағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әрі қарай атқарылатын жұмыстар жайлы талқыланды.