Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінде 16.04.2026ж. сағат 09:00-12:00 аралығында Департаменттің қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіледі.
Іс-шарада зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін тағайындауға, мүгедектік белгіленуіне және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
Баршаңызды шараға қатысуға шақырамыз!
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, №47, 4 этаж, мәжіліс зал