9.11.2020 ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Бұхарбаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының Арал аудандық бөлімінің БЭК-офис мамандарына whatsapp – месcенджері арқылы онлайн оқу сабағын өткізді.
Оқу барысында аталған қызметкерлерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін кірісті есептеу туралы түсіндірме беріліп, оларға осы мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 17.04.2020ж. № 139 бұйрығының 24-1 тармағы таныстырылды.