Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша құқықтық сабақ өткізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департамент басшысының орынбасары, департаменттің тәртіптік кеңесінің төрағасы А.Сагимбаева  және Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Махановамен 30.03.2026ж. Департамент қызметкерлеріне «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының және мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексі талаптарын сақтау жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында құқықтық сабағы өткізілді.

Құқықтық оқыту барысында Департаменттің тәртіптік кеңесінің төрағасы А.Сагимбаева  қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеудің сақталуына қатысты және сонымен қатар, «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жұмыс барысында қолдану тәртібі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңанама талаптарын бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.