Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Департаменттің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 16-19 наурызында Арал және Қармақшы аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп,  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» бойынша  медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, №31/е нысыны негізсіз рәсімделген жағдайларға талдау жасалып, мүгедектік негізгі диагноздан қалыптасқан салдарға байланысты, яғни организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайларда тағайындалатындығы туралы нақты түсіндірілді.