Әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құқықтық оқу өткізілді.

Әріптестерге  өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құқықтық оқу өткізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментінің қызметкерлеріне Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, әріптестерге  өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру мақсатында 18.03.2026ж.  Қызылорда облысының дін істері басқармасының Дін мәселелерінің зерттеу орталығының теолог маманы Едіге Жұмахметов «Жат ағым жетектемесін» тақырыбында құқықтық оқыту сабағын  өткізді.

Түсіндірме барысында уәкілетті органның өкілі қатысушыларға олардың, қоғам алдындағы негізгі жұмыстарының бірі – халықты жат ағымның ықпалынан сақтандыру, әсіресе жастарға осы бағытта мейлінше ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі – діни сауатсыздығы. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай екендігін және жат ағымның арбауына іліккен кейбір жастардың күнделікті өмірінде әке мен баланың діни ұстаным мен көзқарас мәселесінде бірін-бірі түсінісе алмауы, дүниеге, өмір тіршілігіне, салт-дәстүрге қатысты қасаң көзқарастың пайда болуы, қоғамдық тәртіпке бағынбауы, ағайын-туыспен араласпауы, заманауи білімге қырын қарауы, мемлекеттік рәміздерге құрмет танытпауы, т.б. жайттар кездесетіндігін ескертті.

Осыған байланысты, отбасындағы өсіп келе жатқан балаларға (жастарға) дұрыс бағдар беріп, бақылап қадағалау керек екіндігін жеткізе отырып, болашақта әр істе көркем жолды ұстанып, сәби кезден бағып-қағып, әлпештеп өсірген ата-анасына, туыс-бауырына, көрші-қолаңға, айналасындағы жақын адамдарға жат болмай, керісінше, оларға ең жақын, арқа сүйеген азаматы болып өмір сүру керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар, уәкілетті орган өкілі тақырып бойынша мысалдар келтіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға түсіндірме берді.