№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлеріне «Зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне қатысты» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлеріне   «Зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне қатысты» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы К.Сарсенов 13.03.2026ж.  №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлеріне «Зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне қатысты» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында уәкілетті органның өкілі К.Сарсенов қатысушылардың жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында есепке алынатын еңбек өтілдеріне қатысты сұрақтарына заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жүргізді.

Сонымен қатар, бала туғанда берілетін бір дүркін, бала күтіміне байланысты жәрдемақы көпбалалы отбасыларға берілетін және наградталған анаға берілетін жәрдемақы төлемдеріне қатысты сұрақтарына заңнама аясында жауаптар мен кеңестер берілді.