Өңірлік комиссия құрамы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Өңірлік комиссия құрамы мүшелерімен  дөңгелек үстел өткізілді.

8.09.2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы жүктеген «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан «Жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі іс-қимылдар» жоспарындағы тапсырмаларды орындау мақсатында 10.03.2026ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті басшысының орынбасары А. Сагимбаеваның төрағалығымен, өңірлік комиссия құрамы мүшелері- Департаменттің бөлім басшысы А. Маханова, бас маманы С. Дүйсенбай, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор Г. Сарсенбаев және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік сала бойынша қалалық бөлімінің басшысы У. Оспанова мен маман Н. Жүсіпназардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жиында, комиссия төрағасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жалған ардагерлерді анықтау барысында  Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қарасты  жергілікті әскери басқару органдары арқылы растап берілген анықтамаларды мұқият тексеріп, негіздеме болған  құжаттарды көрсету  және  негіздеме құжаттар болмаған жағдайда тиісті құзырлы органдарға  сұраныс хат жолдау керектігі жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, бекітілген жоспардағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әрі қарай атқарылатын жұмыстар жайлы талқыланды.