
03.03.2026 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы
Д.М. Бектұрсынов Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бектілген «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларына» сәйкес, Мүгедектігі бар адамдар өтініш берген күннен бастап міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілетіндігі көрсетілген. Оның ішінде
мүгедектігі бар адамдарға зәрді және (немесе) нәжісті ұстамау типі бойынша жамбас органдарының қызметі бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған жөргектермен қамтамасыз етілуі бойынша семинар-кеңес жүргізілді.