Бала күтіміне байланысты бір жарым жасқа тоғанға дейін берілетін жәрдемақының мөлшері.

Бала күтіміне байланысты бір жарым жасқа тоғанға дейін берілетін жәрдемақының мөлшері.

Қазақстан Республикасының 2023жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексінің 81-бабына сәйкес, бала күтіміне байланысты бір жарым жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге беріледі.

        Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда, тірі туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.

Бала күтіміне байланысты бір жарым жасқа тоғанға дейін берілетін жәрдемақы республикалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын мынадай мөлшерде төленеді: (2026ж. республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК) 4325теңге мөлшерінде белгіленген.)

 

      бірінші балаға – АЕК4325теңге х  5,76 =24912тг.

      екінші балаға – АЕК64325теңге х 6,81 =29453 тг.

      үшінші балаға – АЕК4325теңге х 7,85 =33951 тг.

      төртінші және одан кейінгі балаларға – АЕК4325теңге х 8,90 =38493тг.

 

Облыс бойынша 01.03.2026ж. аталған төлем алушылардың саны 6403 құрайды.

 

Аудандар

Төлем алушылардың саны

1.

Қызылорда қаласы

2680

2.

Арал ауданы

731

3.

Қазалы ауданы

662

4.

Байқоңыр қаласы

464

5.

Қармақшы ауданы

226

6.

Жалағаш ауданы

190

7.

Сырдария ауданы

224

8.

Шиелі ауданы

620

9.

Жаңақорған ауданы

606

10.

Барлығы

6403

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

 реттеу және бақылау комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті