
16.02.2026ж. Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова Департамент қызметкерлеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.01.2026ж. №8 бұйрығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарындағы» тапсырмалармен таныстырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жұмыс барысында қолдану тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Құқықтық оқу барысында тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.