ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ӨТТІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ӨТТІ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен ҚР Еңбек министрлігінде жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасына қатысты өзгерістерді талқылауға арналған кеңес өтті.

Іс-шараға Департамент қызметкерлері, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

          Кеңес барысында Асқарбек Маратұлы Ата Заңның жаңа жобасы тұтас елдің ұзақ мерзімді даму бағыттары, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалу тетіктерін күшейтуге негіз болатынын және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында әлеуметтік саясаттың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.